» » Бар жақсылық, ана, өзіңнен басталады

Бар жақсылық, ана, өзіңнен басталады

qarmaqshy-tany.kz ШӘМШАТ ТӨЛЕПОВА АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ҰСТАЗ, ТЫЛ АРДАГЕРІ АҚБАЛЫШ ЖАЛҒАСОВАНЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН «АНАЛАРДЫ АРДАҚТАЙЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ҰСТАЗ – АНА» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ.
Жыр додасында аудан әкімі Жандос Еркінбек және қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Ырзақұл Сәденұлы ұлағатты ұстаздың өнегелі өмір жолына тоқталып, жас ақындарға сәттілік тіледі.
– Үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан жыр додасында ақындар аяулы анамыздың өмір жолы, атқарған абыройлы да өнегелі істерін өлеңмен өрнектеп келеді. Ақбалыш Жалғасова шәкірттерге өмірін, білімін арнаған ұлағатты ұстаз болды. Біліммен қатар, шәкірттерін өнерге, шығармашылыққа баулыды. Жас ұстаздардың білімін шыңдауға атсалысты. Осындай керемет жан туралы айтылар ой да, жазылар жыр да таусылмақ емес. Ардақты анамызға арналған жыр мүшәйрасы – ақын талантын шыңдайтын өнер жарысы, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Мүшәйрада дуалы ауыз, жебе тілді жүйрік ақындар қатар шауып, ардақты ұстаздың өмір жолын, шәкірт тәрбиелеудегі озық істерін өлеңмен өрнектеп, туған жер туралы тереңнен толғап жырлады. Сөйтіп жас ақындар жыр арқылы қармақшылықтарға шадыман шаттық сыйлады.
Белгілі жыршы Берік Саймағанбетов, ақын, ұстаз Зарипа Тасымова, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Арнұр Көшеней, «Әлімсақ» журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Көбегенұлы, ақын Мөлдір Айтбай жас ақындар өнерін сарапқа салды. Қорытындысымен жыр додасының бас жүлдесін Жалағаш ауданынан келген Серік Жасұлан жеңіп алса, І орынды қызылордалық Бексұлтан Санақұл иеленді. Ал, жүлделі ІІ орынды екінші бір қызылордалық Айдар Сайлауов иемденсе, ІІІ орынды Жалағаш ауданының ақыны Дидар Өмірзақ пен қармақшылық ақын Диас Мустахимов олжалады.
Мүшәйрада көрермен көзайымы атанған қармақшылық Мөлдір Тәңірбергенова «Бақытжамал Сәденқызы» атындағы, ал қазалылық Данабек Жанғазы «Шәмшат Төлепова» атындағы жүлдені қанжығасына байлады.
Шара соңында мүшәйра жүлдегерлері мен өзге де қатысушыларға диплом, алғыс хаттар табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
07 наурыз 2023 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031