» » Қармақшыда «Ұстаз – ана» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

Қармақшыда «Ұстаз – ана» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

qarmaqshy-tany.kz Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде жоғары дәрежелі ұстаз, тыл ардагері Ақбалыш Жалғасованы еске алу құрметіне орай «Ұстаз – Ана» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өтті.
Ақындар мүшайрасын аудан әкімі Жандос Еркінбек ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң қоғам қайраткері Ырзақұл Сәденұлы сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізді.
Дүбірлі жыр додасына аймағымыздан 27 жазба ақын қатысып, Ақбалыш Жалғасованың өмір жолын атқарған абыройлы да өнегелі істерін өлеңмен өрнектеп, Қармақшы елі туралы тереңнен деректер айтып, жиналған көрермендердің қошеметіне ие болып, қармақшылықтарға ерекше рух сыйлады.
Жыр мүшайрасына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Берік Саймағамбетов, ақын, Қазақстан Республикасы білім лидері Зарипа Тасымова, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Арнұр Көшеней, «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы, «Қазақстан Жазушылар одағының» мүшесі Мөлдір Айтбай ақындардың өнерін сарапқа салды.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Өмірзақ Дидар, Қармақшы ауданынан Мустахимов Диас, ІІ орынды Қызылорда қаласынан Айдар Сайлауов иеленсе, «Бақытжамал Сәденқызы» атындағы арнайы жүлдемен Тәңірбергенова Мөлдір, «Шәмшат Төлепова» атындағы арнайы жүлдені Жанғазы Данабек қанжығасына байлады.
Ақындардан оза шапқан Қызылорда қаласының ақыны Санақұл Бексұлтанға І орын бұйырып, жыр додасының бас жүлдесін Жалағаш ауданынан Жасұлан Серік иеленді.
Сондай-ақ, ақындар мүшайрасының барлық қатысушылары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
04 наурыз 2023 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930