» » » Мәдени құндылықтар мәйегі

Мәдени құндылықтар мәйегі

Аудандық мәдениет үйі "Фейзбук" әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматтағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

ҚЫЛ ҚОБЫЗШЫЛАР БАЙҚАУЫ
Сыр өңірі дәстүрлі өнерге бағытталған халықаралық, республикалық шараларды ұйымдастыруда әсте қалыс қалған емес. Соның бірі – аудан әкімінің қолдауымен және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жуырда өткен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінің 40 жылдығына арналған «Қобыз сарыны» атты онлайн республикалық қобызшылардың фестивалі. Аталмыш байқау "Фейзбук" әлеуметтік желісі арқылы жарияланып, талапкерлердің өнері ел назарына ұсынылды.
Сан ғасыр өтсе де, сыны мен сырын жоғалтпай, саф алтындай сақталып келген халыфқтық асыл мұра – дәстүрлі музыка жаңғырған байқауда 12 өнерпаз өзара бақ сынасты. Байқау барысында 18-50 жас аралығындағы республиканың Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей қалалары мен өзіміздің өңірдің қыл қобызшылары қатысты.
Фестивальде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы Раушан Оразбаева қазылар алқасына төрағалық етті. Байқау нәтижесі бойынша шашасына шаң жұқтырмай, қарағандылық Мұңайтпас Аян бас жүлдеге ие болды. Ал І орын Семей қаласынан Аяужан Жеңісбековаға бұйырды. ІІ орынды қазалылық Ерсін Тегеурін еншілесе, аралдық Айдана Толағайқызы үздік үштікті түйіндеді.
Барлық қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаровтың дипломы мен ақшалай сыйлық табысталды.

САКСАФОННЫҢ СЫРЛЫ САЗЫ
Сыр елінің өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып, ұлт пен ұрпақ болашағына ерен еңбек сіңірген азамат – Абдулла Мырзабеков. Ол өңір өнеріне жанкештілікпен жұмыс істеп, бойындағы күш-қайраты мен білім-парасатын арнаған азамат. Қаншама шәкірттің жұлдызын жағып, талантты тамыршыдай тап басып танитын ерекше қабілет иесі еді.
Осы орайда Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ерекше дарын иесі А.Мырзабековті еске алуға арналған «Сырлы әуен» атты үрлемелі аспапта орындаушылардың облыстық онлайн конкурсы өз мәресіне жетті.
Байқау қорытындысы бойынша қармақшылық Мақсат Қалдыбеков бас жүлдені қанжығасына байлады. І орынды Шиелі ауданынан Қуаныш Нәсіпбеков еншілесе, ІІ орынды Қызылорда қаласынан Бақберген Қуанышұлы, иеленді. Ал ІІІ орынды қызылордалық Береке Бименов пен аралдық Сәндібек Әбуовтер өзара бөлісті. Сонымен қатар Айзат Абдулла, Аружан Абдуллаева "Көрермен көзайымы" номинациясымен марапатталды.
АБАЙ БЕЙНЕСІ – СУРЕТШІ КӨЗІМЕН
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай бейнесі» облыстық суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Оның мақсаты – сурет өнері арқылы өскелең ұрпақтың ел мен жерге деген перзенттік махаббатын ояту. Байқауға 12 суретші қатысып, әлеуметтік желі арқылы бағасы сараланды.
Байқау барысында авторлар данышпан ақынның бейнесін әр қырынан ашуға тырысты.
Қорытынды бойынша бас жүлдені жерлесіміз Сабырхан Қайырбаев, І орынды аралдық Бақытбек Шыманов, ІІ орынды жаңкақорғандық Қайрат Әлібеков, ІІІ орынды қазалылық Тоқжан Төлеп пен қармақшылық Бекзат Жанәбіловтер еселенді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлық, сыйақылар табысталды.

Ақнұр САҒЫНТАЙ


05 желтоқсан 2020 ж. 1 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930