ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНЕ ҚЫЗЫЛОРДАДАН 136 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БАРАДЫ
Қызылорда облысында балалардың биыл 97 пайызы жазғы тынығумен қамтылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.
- Осы жылы облыс бойынша 1-10 сынып аралығындағы 140 500 баланың 136 200-і жазғы тынығумен қамтылады деп күтілуде. Ол барлық оқушылардың 96,9% құрайды. Өткен оқу жылында бұл көрсеткіш 95,0% болған, - дейді Майра Мелдебекова.
Аймақта жазғы демалыс қала, аудан сыртындағы 9 лагерлерде 7 аусымнан ұйымдастырылады, оның алтауы жыл бойы жұмыс жасайтын лагерлер. Аталған жазғы лагерлер мен мектеп жанындағы лагерлер де өз қызметін ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастайды.
- Жазғы тынығу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазғы тынықтыру лагерлерінің басшылары, білім бөлімдеріндегі жауапты қызметкерлер сәуір айында «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында, жазғы кезеңдегі балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша 20 қызметкер біліктіліктерін арттырды. Бұдан бөлек, 2018 жылғы 24-27 сәуір аралығында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандарымен бірге қала сыртындағы барлық лагерлердің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті лагер басшылары мен орынбасарларына мамыр айында «Қауіпсіз жаз – 2018» түсіндірме сабақтары өткізілді, - дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, облыстан тыс аймақтардағы орналасқан лагерлерде мұнай компанияларының қолдауымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасының балалары тынығатын болады.

Пікір 1