» » Бақытты балалық шақ!

Бақытты балалық шақ!

    Қуаңдария ауылындағы №186 орта мектебінде 1 маусым балаларды қорғау күніне орай мектеп жанынан күндізгі тынығу лагері ашылды. Лагерьдің ашылу рәсімінде ауыл әкімі А.Дәндесов, ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Дүйсебаев, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Р.Мустафаева ыстық лебіздерін білдіріп, құттықтау сөз айтып салтанатты түрде ашып берді. Лагерьде 1-21 маусым аралығында екі аусыммен 30 оқушы демалатын болады. «Балдырған» күндізгі тынығу лагерінің мақсаты мектеп оқушыларына көңілді көңіл күй сыйлай отырып, жазғы демалыстарын сапалы ұйымдастыру. Мектеп ғимаратына орналасқан күндізгі тынығу лагерінде қыз және ер балаларға арналған екі жатын бөлмемен, шомылатын орын, ойын, танымдық сағаттар және мәдени шаралар өткізілетін бөлмелермен толық жабдықталған. Балалар үш мезгі тегін ыстық тамақпен  және дәрігерлік қадағалау орнымен қамтамасыз етілген. Мереке барысында бүлдіршін  балалар  би билеп,  өлең  айтып  өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында көтеріңкі көңіл күйге бөленген балаларға тәтті  сыйлықтар  таратылды.  Әр бала, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Ал, сол балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау және сапалы демалыс ұйымдастыру әрбір саналы азаматтың міндеті.
05 маусым 2018 ж. 2 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 690

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031