» » ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗБЕК?

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗБЕК?

Жақында О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектепте «Көңілді жаз – 2018» тақырыбында аудандық семинар өтті. Оған аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімінің сала мамандары, мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтар, медбикелер, азпаздар, шаруашылық меңгерушілері, ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты.
Биылғы оқу жылында 1-10 сынып аралығындағы 13322 оқушының 11543-і жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарына тарту жоспарланса, 548 оқушысыртқы лагерьде (4-8 сынып оқушылары) демалмақ. Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінде 1428оқушы (1-4 сынып оқушылары)демалады деп күтілуде. Жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп жанындағы лагерьге 13млн. 604 мың, сыртқы лагерьге 9 млн. 555 мың теңге бөлінген. 1655 оқушының 1126-сы көркейту-көгалдандыру және 529-ы еңбек бригадаларына қамтылмақ. Мектеп жанынан құрылған аулалық клубтарда 2335, дебат үйірмесінде 483, оқушылар үйінің жанынан құрылған «Жас толқын» аулалық клубында 1100оқушы уақытын тиімді өткізбек.
Оқушылардың жазғы демалысын және бос уақытын тиімді өткізуге әдістемелік көмек беру, тиісті санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шарада «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу білім беру обьектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламентті талаптарын сақтауын бақылау бөлімінің басшысы Г.Медеуова, «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы С.Сайымбетова, «Лагерьге оқушыларды жіберу» тақырыбында аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы Н.Түйебаев, «Өрт, су қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ету» тақырыбында төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Е.Ешмағанбетов, «Жазғы демалыс уақытында жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметін ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Е.Назарқұлов, «№79 мектептің мектеп жанындағы күндізгі «Балауса» тынығу лагерінің ерекшеліктері» тақырыбында сол мектептің директоры С.Әбікенова, «Жазғы уақыттағы «Жас толқын» аулалық клуб жұмысының маңызы» тақырыбында оқушылар үйінің «Жас толқын» аулалық клуб жетекшісі М.Райымбаева хабарлама жасап, ұсынысын ортаға салды.
– Жазғы тынығу лагерінің балалар мен жасөспірімдер денсаулығын нығайтуға, шығармашылық еңбегін жетілдіруге, қабілетін арттыруға, бос уақытын мазмұнды өткізуге ықпалы зор. Биыл да бала демалысын жоғары дәрежеде ұйымдастыру – басты міндетіміз, – деді аудандық білім бөлімінің әдіскер А.Тоқшылықова.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
30 мамыр 2018 ж. 1 862 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 00:03
Levitra 20 Mg Cipro And Amoxicillin 12 Hours Apart Keflex Dosages viagra Buy Clomid Online South Africa Side Effects To Cephalexin

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031