» » Жол ережесі туралы не білеміз?

Жол ережесі туралы не білеміз?

qarmaqshy-tany.kz Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтанда білім беру ұйымдарында жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, 2022 жылдың қараша айының 14-20 күндері аралығында Республика төңірегінде «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы өткізілуде. Іс-шара аясында барлық мектептегі білім алушыларға «Жолда жүру ережесі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзса, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер жол-көлік оқиғасына ұшырап, арты қайғылы жағдайларға әкелуде.
Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету – ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепте мұғалім, мектеп инспекторы бар балаларға жол ережелерін үнемі айтып үйретіп отырсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.
Осы тақырып аясында Қармақшы ауданының Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Р.Әбдірахмановпен полиция аға лейтенанты Ж.Аликуловпен Жосалы кентіндегі №26, 30 мектеп оқушыларымен тәрбие сағатын өткізіп, оқушыларға жадынама қағаздарын таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қармақшы аданының полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
17 қараша 2022 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930