» » БАҒДАРШАМ белгісіне бағыныңыз

БАҒДАРШАМ белгісіне бағыныңыз

Бүгінде көлік құралдарын басқару арқылы жол ережесін бұзу факторы көбеюде. Әсіресе үлкен қалаларда бағдаршамның тыйым салған түсінен жол бермей өтіп кету мәселелері апатты жағдайға әкеп соғуда. Бірі жол ережесін сақтай отырып қозғалыс жасаса, екіншісі жылдамдықты үдеткен күйі сары түстен өтіп үлгеремін деп, өзгенің өміріне қауіп төндіріп отыр. Енді жол сақшылары мұны да қатаң бақылауда ұстайды.
Дерекке сүйенсек, елімізде соңғы бір жылда 3 мыңнан аса оқиға тіркелген. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған түсіне, яғни қызыл мен сарыдан өтуі, оның ішінде сары түстен өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Ал жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелген.
Көлік тізгіндеген жүргізушілердің басты қателігі – осы жол ережесін сақтамауында. Бағдаршамға бағынбаған талайымыз жол апатының туындауына сеп болғанымыз жасырын емес. Діттеген жерімізге тез жетуді мақсат тұтып, өзгенің жолын сан мәрте көлденең кестік те. Сары түсте өтіп үлгереміз деп қоғамға екі есе үлкен шығын әкелгендер қаншама?! Әсіресе көлік тізгіндеген жастар арасында мұндай олқылықтар жиі кездесіп тұрады. Олар ескертуді елемей, тіпті салынған айыппұлды оңай төлеп құтылудың жолына әбден үйренген.
Осыған сай жақында Ішкі істер министрлігі бағдаршамның сары түсіне байланысты жаңа жол ережесін жариялады. Халық арасында бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жүруге болмайтындай сары түске өтуге де тыйым салына ма деген сауалға жауап айтты. М.Есболатов атындағы Алматы академиясы әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Әсем Қырғызбекқызы жаңа ереженің мәнін түсіндірді.
– Жол жүру ережелерінің 5-тарауы 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады. Бұған дейін бағдаршамның сары түсі жүргізушіге қозғалысын аяқтауға мүмкіндік беретін. Жүргізушілер бұл норманы дұрыс пайдаланбағандықтан, қиылыстарда соның кесірінен жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтарды енді бейнебақылау камералары автоматты режимде тіркеп, сары түс жанғанда өтіп кеткендер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сай жауапкершілікке тартылады, – деді ол.
Бағдаршамның тыйым салатын белгісіне, сондай-ақ жол диспетчерінің тыйым салу қимылына қарсы жүру бұдан былай 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 36920 теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал егер қайталанса, айыппұл 15 АЕК-ке, яғни 55380 теңгеге дейін өседі. Бұл – биылғы белгіленген сома мөлшері. Сондықтан жол ережесін сақтап, тәртіпке бағыныңыз, жүргізуші!
Ерсін СӘДУҰЛЫ
Фото
24 наурыз 2024 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031