» » Жол-көлік оқиғасының алдын алуда

Жол-көлік оқиғасының алдын алуда

Көлік түрлері мен санының артыуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалады, деп жазады Қармақшы Ауданының Полиция Бөлімі.
Ал көлік қылмыстары ішінен алдыңғы қатарды жол-көлік оқиғалары құрады. Бұл жол-көлік оқиғалары (Бұдан әрі-ЖКО) мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екенін көрсетеді. Бұл ретте «жол-көлік оқиғасы салдарынан адам өлімінің» әлем бойынша қатерлі ісік пен жүрек тамыр ауруларынан кейін үшінші орынға шығуы таңғаларлық жағдай емес.
Біріккен ұлттар ұйымының баяндамасы бойынша жыл сайын 1,3 млн адам жол көлік апатынан қайтыс болса, күніне үш мың адам көз жұмады, ал 20 миллион адам жол апатынан жараланады.
Дамыған елдерде соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының құрбандарының көрсеткіші орта есеппен 10% артты. Сондай-ақ автокөлік қозағлысындағы адам өлімі көрсеткіші өзен–теңіз көлігінен -12 есе, темір жол көлігінен –3 есе, әуе көлігінен -1,5 есе жоғары.
Барлық дерлік жол-көлік оқиғаларында негізгі орында жүргізушінің әрекеті немесе әрекетсіздігі байқалады. Сондықтан жүргізушінің жол-көлік оқиғасы кезіндегі ролін баса көрсетуді жөн санап отырмыз.
Көлік құралын басқаратын кінәлі тұлғаның кез келген апатты жағдайында оның белгілі бір апатты оқиға сәтіндегі психологиялық –жай күйі әсер етеді. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің көрсетуі бойынша ЖКО кезіндегі жүргізушілердің жасайтын әрекеттері; белгіленген жылдамдықты көтеру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып, қарама-қарсы жолға шығып кету, жол қиылысы ережесін сақтамай, жол кезегін бұзу, ақауы бар көлікті басқару, ара-қашықтықты сақтамау, реттеу дабылына бағынбау, жол жүрісі белгілеріне бағынбау, адамдарды тасымалдау ережесін бұзу, жаяу жүргіншілер ережесін бұзу және ЖКО жиеленуіне түрткі болатын тағы бір мәселе жаяу жүргіншілердің арнайы жолақпен белгіленген жолдан өтпеуі, көлік құралынан кенеттен шығып кету, көлік құралын басқарушылардың мас күйінде болуы, қала ішіндегі ара қашықтықтың ұзақ орналасуы, қала халқының тығыз орналасуы, ішкі урбанизация процесі және тағы басқа.
Жоғарыда аталғандарды қортындылай келе, көлік қылмыстары көп функциялы, әлеуметтік психологиялық құбылыс екендігін байқауға болады. ЖКО ережесінің бұзу субъектінің әрекетінен, өзге көлік жүргізушілері әрекетінен, психикалық қоршаған ортадан, жолдың жағдайынан, жол жүрісі ережелерінің айқын бейнеленуінен, табиғат жағдайының ықпалы, көлік шығарушы мекеменің сапалы өнім өндірісі, көліктің жай күйі, техникалық талапқа сай болуы, жүргізушінің жауапкершлігі мен құқықтық біліктілігі, субьективті көзқарасы жол-көлік оқиғасының орын алуына ықпал етеді деген қортынды жасауға болады.
Бұл ретте, Қармақшы аудандық Полиция бөлімі Қармақшы ауданының тұрғындарымен қонақтарына өзінің өмірімен өзгенің өмірін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Жол жүріс қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
27 мамыр 2021 ж. 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031