» » Жол-көлік оқиғалары қоғамға қауіпті

Жол-көлік оқиғалары қоғамға қауіпті


Жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек құзырлы органдардың жұмысы емес. Бұл бүкіл ел болып атсалысатын, қоғам болып ойланатын іс.

Қармақшы ауданы әкімдігінің бастамасымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында аудан көлемінде бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Оның ішінде бейнекамералар, жол белгілерін қайта сызу және жаңадан бағдаршамдар орнату жұмыстары атқарылуда.

Өздеріңізге белгілі аудан көлемінен «Батыс-Еуропа- Батыс Қытай» автодәлізі өтеді. Осы ретте жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары аясында ауылдық елді мекендердегі үй жануарлары ірі қара малдарына түнгі мезгілдегі жарық белгілерін тағу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар тарапынан ірі қара малдарына жарықты алыстан көрсететін рефлектірлі заттарды тағу арқылы жарықты шағылыстырып, жүргізушілер малды қашықтықтан көруге мүмкіндік береді.

Жалпы ауыл болсын, қала болсын, жүргізушілердің автокөлік тізгіндегеннен кейін, жол бойында мұқият болғаны абзал. «Сақтансаң – сақтаймын» деген сөз бекерге айтылмаса керек.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 сәуір 2021 ж. 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031