» » Сары түске өтсең, айыппұл төлейсің

Сары түске өтсең, айыппұл төлейсің

Жуырда Ішкі істер министрлігі бағдаршамның сары түсіне байланысты жаңа жол ережесін жариялады. Халық арасында осы өзгеріске байланысты түрлі сауал туындап жатыр. Сонда бұдан былай сары түске өтуге де бағдаршамның қызыл түсі секілді тыйым салына ма?
Бұл сұраққа ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Әсем Қырғызбекқызы жауап беріп, жаңа ереженің мәнін түсіндірді.
– Жол жүру ережелерінің 5-тарауы 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салады. Бұған дейін бағдаршам­ның сары сигналы жүргізушіге қозғалысын аяқтауға мүмкіндік беретін. Алайда жүргізушілер бұл норманы дұрыс пайдаланбағандықтан, қиылыстарда соның кесірінен жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтарды енді бейнебақылау камералары автоматты режімде тіркеп, сары түс жанғанда өтіп кеткендер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сай жауапкершілікке тартылады.
egemen.kz
10 наурыз 2024 ж. 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 114
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031