» » Бірқатар шектеу бар: Жаңа жылдық кештер қалай өтеді?

Бірқатар шектеу бар: Жаңа жылдық кештер қалай өтеді?

Осыдан бір апта бұрын Алматының бас санитар дәрігері Алматыда Жаңа жылдық корпоративті кештерге түбегейлі тыйым салынғанын айтқан еді. Ал бүгін оның орынбасары Сәдуақас Байғабылов кештерге шектеу қойылғанын, бірақ тыйым салынбағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Айтуынша, қазіргі карантин талаптары бойынша, Ashyq объектілерінде бизнес субъектілеріне Жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салынбаған. Алайда белгілі бір шектеулер бар. 
"Келушілер мен іс-шара ұйымдастырушылары, дәмхана (мейрамхана) қызметкерлері "жасыл" статусқа ие болуы керек. Сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында Алматының қай аймақта болуына (жасыл, сары, қызыл) байланысты, іс-шара өтетін орындарды толтыру нормативі қарастырылған", - деді Байғабылов.
"Жасыл" аймақта - адам саны 50%-ға дейін, 100 орыннан көп емес;
"Сары" аймақта - 50%-ға дейін, 70 орыннан аспауы керек;
"Қызыл" аймақта - 50 орыннан көп емес, 50%-ға дейін толтыруға болады. 
Байғабылов Алматының тұрақты түрде "жасыл" аймақта болуы тұрғындарға байланысты екенін атап өтті. Ол үшін белсенді түрде вакцина салдырып, қоғамдық орындарда маска тағып жүру және арақашықтықты сақтау қажет. 
"Коронавирустық инфекция бойынша Алматыда жағдай нашарлайтын болса, корпоративтер мен өзге іс-шараларға тыйым салынуы мүмкін", - деді Сәдуақас Байғабылов.
26 қараша 2021 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930