» » Адам өмірі – ең басты құндылық

Адам өмірі – ең басты құндылық


Адам өмірі – басты құндылық. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы да – адам және адамның өмірі. Бұл – Конституцияда белгіленген аспект. Ал, айналадағы ортада адам өміріне әсер етуші факторлар аз емес. Жазатайым, оқыс оқиғалардың жылдан-жылға көбеюі – аудан тұрғындарын мазалап отырған көкейкесті мәселенің бірі. Аймақ көлеміндегі ең күрделі мәселе – жол-көлік апаты салдарынан орын алатын жазатайым оқиғалар.
Жол-көлік оқиғалары – көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға. Жол-қозғалыс ережесін бұзу аудандарда да кең етек жайғаны мәлім. Көбінесе көлік апаттарының негізгі себептер – жылдамдықты асыру, жолдың қарсы жолағына шығу және жаяу жүргіншілер өтпесін ескермеу. Жол қозғалысы ережелері көлік жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де міндетті жауапкершілікті жүктейді.
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында жедел алдын алу шараларын ұйымдастырылуда. Сонымен қоса тұрғындармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіліп, жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытындағы жадынамалар таратылуда.
Полицейлер аудан тұрғындарын заң бұзбауға және жолдарда аса мұқият болуға шақырады.

#Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі

25 шілде 2022 ж. 2 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 114
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031