» » ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫНДА КӨЛІК АДАМ ҚАҒЫП КЕТТІ

ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫНДА КӨЛІК АДАМ ҚАҒЫП КЕТТІ



Қызылорда қаласындағы Абай даңғылында «Mercedes-Benz 280» маркалы жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл оқиға жергілікті тұрғынның  жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кезінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соның салдарынан жаяу жүргінші жарақат алған. Ол қалалық аурухананың трамватология бөлімшесіне жатқызылды. «Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеудің басқа деректері жария етілмейді», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.      
25 сәуір 2019 ж. 1 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728