» » Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс медиациялық келісімді қолдану арқылы аяқталды

Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс медиациялық келісімді қолдану арқылы аяқталды

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 187-бабының 1-бөлігімен айыпталған М.-ның  қылмыстық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды.
Сотталушы М., бөтеннің мүлкін ұсақ-түйек жымқыру мақсатында, Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесінде орналасқан «Sulpak» сауда орталығынан жалпы құны 14 990 теңге тұратын 1 дана «Polaris PHB-0860A» маркалы блендерді жасырын ұрлаған.
Басты сот талқылауында судья тараптарға Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататындығын түсіндіріп өтті. Медиацияны қолдануға жәрдемдесу қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі болып табылады.
Нәтижесінде сотталушы істеген іс-әрекетіне өкініп, жәбірленуші өкілінен кешірім сұрап, келтірілген шығынды толығымен өтеген, өз кезегінде жәбірленушінің өкілі кешірімді қабыл алып, тараптар өзара медиация тәртібімен татуласты.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
14 қараша 2018 ж. 1 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 274

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728