» » Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта, құқық бұзушы Е., өз үйінде зайыбы Ж.-ны ұрып тән ауруына ұшырататын күш қолдану әрекеттерін жасағаны анықталды.
Сотта қарау барысында құқық бұзушы Е., өз кінәсін мойындап, зайыбы Ж., кешірім сұрап, соттан жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты, әкімшілік жауаптылықтан босатуды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушы Е., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 64-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік ісі өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
14 қыркүйек 2018 ж. 1 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 261

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031