» » Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қармақшы аудандық сотында азамат Ж.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 73-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Ж. өзінің үйінде азаматша C.-ның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына және қасақана жеңіл зиян келтіргеніне байланысты, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.
Алайда, іс қарау барысында жәбірленуші C. мен құқық бұзушы Ж.-ның татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрап, қолдарын қойған жазбаша дауды реттеу туралы келісімі ұсынылған.
Сот, әкімшілік іс-құжаттарын зерттеп, іске қатысушылардың уәждерін тыңдап, тараптар татуласып, бітімгершілікке келуіне байланысты, Ж.-ны әкімшілік жауаптылықтан босатып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 73-1-бабының 1-бөлігімен басталған істі жәбірленушімен бітімгершілікке келуіне байланысты тоқтатты.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі



08 маусым 2018 ж. 1 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 673
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031