» » Жастар арасындағы құқықбұзшылықтың алдын алу мәселелері

Жастар арасындағы құқықбұзшылықтың алдын алу мәселелері

«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндірме-ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді. Соның бірі С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде өтті. Мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру.
Аталмыш шара барысында сөз алған Қызылорда ҚІІБ ЖПҚ аға УПИ-ры полиция майоры Л.Айтқалиева студенттерді құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен таныстырды, әкімшілік құқық негіздері туралы мағлұмат берді. Құқық бұзушылықтар, қылмыс жасауға қатысқаны үшін немесе соған көмектескені үшін қандай қылмыстық немесе әкімшілік жаза қолданылатындығын егжей-тегжейлі баяндап берді.
Ал медиатор А.Турбаева елімізде енді қарқын алып келе жатқан бітімгерлік жайында түсіндіріп берді, негізгі заңнамалық актілер мен құжаттарды таныстырды. Келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей, медиация арқылы шешудің артықшылықтарын, тиімді тұстарын түсіндірді
11 сәуір 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728