» » Қармақшы аудандық соты 2018 жылдың 3 ай жұмысын қорытындылады

Қармақшы аудандық соты 2018 жылдың 3 ай жұмысын қорытындылады

Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысумен 2018 жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы  өтті.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев,  кеңсе қызметкерлері және  «Қармақшы таңы»  газетінің тілшілері қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы Д.Кентбаев 2018 жылдың 3 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті. Ол Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2018 жылдың 3 айында барлығы 13 адамға қатысты 9 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 3 қылмыстық іс бойынша 4 адамға үкім шығарылғанын, 6 қылмыстық іс бойынша 9 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 6 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотта 172 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 18 арыз бойынша сот бұйрығы, 129 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 17 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 9-і медиация тәртібімен аяқталған, 6 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 62 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Аудандық сотта 2018 жылдың 3 айында барлығы 80 тұлғаға қатысты 80 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 184  талап арыз, яғни сотқа түскен арыздардың 100% келіп түскенін атап өтті. 
Есепті мерзімде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралғанына тоқталды.
Шара соңында сот төрағасы  БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.
12 сәуір 2018 ж. 1 821 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930