» » Астаналық бір бөтелке сыра үшін 96 мың теңге төледі

Астаналық бір бөтелке сыра үшін 96 мың теңге төледі



Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі алкогольді өнімдерді 21 жасқа дейінгі тұлғаларға сату фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ІІД Жергілікті полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша,
Гете көшесінің бойында орналасқан дүкендердің бірінде сатушы этил спиртімен тең, төрт пайыздан асатын алкогольді «Кружка свежего» сырасын, 1997 жылы туған П. есімді азаматқа сатқан.
Алкогольді өнімдерді сатып, ҚР заңын бұзғаны үшін 1972 жылы туған Р. есімді дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК 200-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
«Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Р. есімді азаматшаға 40 АЕК (96200 теңге) көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды», - делінген баспасөз баянында.

11 сәуір 2018 ж. 1 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 948
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 583

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930