» » Қармақшы аудандық соты 2018 жылдың жарты жылдығын қорытындылады

Қармақшы аудандық соты 2018 жылдың жарты жылдығын қорытындылады

Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысумен 2018 жылдың бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев, кеңсе қызметкерлері және «Қармақшы таңы» газетінің тілшілері қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы Д.Кентбаев 2018 жылдың 6 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті. Ол Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2018 жылдың 6 айында барлығы 33 адамға қатысты 24 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 7 қылмыстық іс бойынша 9 адамға үкім шығарылғанын, 14 қылмыстық іс бойынша 20 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 12 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотта 346 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 39 арыз бойынша сот бұйрығы, 262 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 30 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 19 медиация тәртібімен аяқталған, 7 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 113 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Аудандық сотта 2018 жылдың 6 айында барлығы 226 тұлғаға қатысты 226 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 309 талап арыз, яғни сотқа түскен арыздардың 100 % келіп түскенін атап өтті.
Есепті мерзімде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралғанына тоқталды.
Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.
16 шілде 2018 ж. 2 660 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 14:29
Sale Generic Free Shipping Clobetasol Can Priligy Be Taken With Cialis viagra Buy Plavix In Canada

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728