» » WhatsApp-та тараған ролик: Полицейді ұрған ер адам кім?

WhatsApp-та тараған ролик: Полицейді ұрған ер адам кім?

WhatsApp мессенджерінде таралып жатқан роликте полицеймен жанжалдасқан ер адамға қатысты қылмыстық іс негізсіз тоқтатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. Сәдубаевтың айтуынша, заңбұзушының полицейге соққы жасағаны бейнеленген видеодағы оқиға Алматыда биыл қаңтарда болған. "Алкоголь ішіп, қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін ұсталған ер адам медициналық куәландыру үшін наркологияға жеткізілді, мұнда ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, олардың ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Осы дерек бойынша Медеу аудандық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 378 бабының 1-бөлігі бойынша соталды тргеу жүргізіліп, тергеу қылмыс құрамы жоқ деген себеппен негізсіз тоқтатылған. Қазіргі уақытта Алматы Полиция департаменті Медеу аудандық прокуратурасына бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша қайта тергеу үшін қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюға өтініш жолданды", - деді ІІМ ресми өкілі. Сонымен қатар, қылмыстық істі негізсіз тоқтату дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. "Кінәлілер жауапқа тартылады", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.
kaz.tengrinews.kz
16 қараша 2018 ж. 1 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 306
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 768

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930