» » ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ АТЫС СТУДЕНТТІ АЖАЛ ҚҰШТЫРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ АТЫС СТУДЕНТТІ АЖАЛ ҚҰШТЫРДЫ

Бүгін облыс орталығында тал түсте болған атысқа байланысты тиісті мамандар өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте бас қосты. «Төртеу түгел» келген жиында БАҚ өкілдеріне мәселенің анық-қанығын жеткізген ОІІД бастығының орынбасары Н.Анарбаев бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
– Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды. Нәтижесінде бір адам жарақат алып, облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 259-бабының 3-бөлігі бойынша «бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Н.Анарбаев.
Ал облыстық медициналық орталық директорының міндетін атқарушы Қ.Жундабеков науқасқа ота жасалып жатқанын жеткізген еді. Оның айтуынша, науқастың іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалған. Алайда, кейін бейресми ақпарат көздерінен алған мәліметке жүгінсек, аталған науқас Қызылорда қаласының 2000 жылы туған тұрғыны, өңірдегі медициналық колледждің студенті облыстық медициналық орталықта көз жұмды.
27 наурыз 2018 ж. 3 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 020
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 691

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031