» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰНАЙ ҰРЛЫҒЫ БОЙЫНША СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰНАЙ ҰРЛЫҒЫ БОЙЫНША СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ БОЛДЫ

    Бүгін, 5 наурыз күні облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің басты сот талқылауы басталды. Онда мемлекеттік айыптаушы 21 сотталушыға қатысты айыптау актісін жариялады.    Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, Қызылорда қаласының тұрғындары Ғ.Жүнісов пен Ғ.Кушекбаев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған адамдарды тарта бастаған. Топ мүшелері 2 кен орны мен 2 мұнай құбырынан «қара алтын» ұрлауды ұйымдастырған. Жүнісов пен Кушекбаев қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін мұнай компанияның жұмысшылары мен күзетшілерін және мұнай құбырларын кесуге қабілетті адамдар жинайды.
    «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС мұнай компаниясы жұмысшыларының, яғни қылмыстық топтың халық қазынасына бей-жай қарамағаны таңқалдырады. Себебі, аталған азаматтар ұрланған мұнайдың литрін 8 теңгеге бағалаған. Ал сотталушы Е.Жонтаев (тергеу нұсқасы бойынша «Жыландықыр» кен орнына қолжетімділік қамтамасыз еткен) «қара алтынның» тоннасын небәрі 3 мың теңгеге сатқан.
    Бұрынғы облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Б.Утенов те осы топтың мүшесі ретінде құқық қорғау құрылымдары тарапынан бұлтартпау шараларын қамтамасыз етпеген.
    Заңсыздыққа жол берген топ мүшелерінің «Тұзкөл-Құмкөл» мұнай құбырын кесіп, «қара алтын» ұрлағанын полиция қызметкерлері әшкерелейді. Соған қарамастан олар «оңай олжаға кенелдік» деп, Оңтүстік Қазақтан облысынан да мұнай ұрлаудың жаңа жолдарын қарай бастаған.
    Ұрланған мұнай Қызылорда қаласының кәсіпкері К.Басқараевтың басшылығындағы қылмыстық топпен жүзеге асырылды. Шикізат сотталушының «КАИС-сервис» серіктестігі аумағындағы жерасты қоймасында сақталды. Оны өткізу үшін «Әлем Қызмет group» ЖШС-ның жалған құжаттары қолданылған. Тергеу нұсқасы бойынша екі серіктестік те қылмыстық топ бақылауында болған.
    Қылмыстық сызбада ұрланған шикізатты алыпсатарлар да бар. «Қара алтынның» негізгі бөлігі қырғызстандық мұнай өңдеу зауытына өткізілген.
    Белгілі болғандай, 5 сотталушы бұған дейін де заңсыз мұнай айналымына қатысқаны үшін істі болған. 2017 жылдың желтоқсан айында «КАИС-сервис» ЖШС жетекшісі салық төлеуден жалтарғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған.
    Жоғарыда аталып өткен бұрынғы полиция полковнигі Б.Утенов 2017 жылдың маусым айында есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған.
    Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың мамыр айында ведомствоаралық тергеу-жедел тобы ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ еліміздің бірқатар облыстарында мұнай ұрлығына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізілген болатын.
kyzylorda-news.kz

05 наурыз 2018 ж. 2 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 473

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 544

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031