» » Биыл қанша тонна мұнай өңделеді?

Биыл қанша тонна мұнай өңделеді?

2018 жылдың екінші жартыжылдығында жанар-жағармай өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты.
«2017 жылдың басты оқиғасы Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттарын реконструкциялау және жаңғырту жобаларының аяқталуы болды. 2018 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуды аяқтау жоспарланған. 2018 жылы мұнай өңдеу көлемі 1,1 млн тоннаға артып, 16 млн тоннаны құрайтын болады», – деді министр. Оның айтуынша, еліміздің жаңғыртылған барлық мұнай өңдеу зауыттары  жобалық қуатына шыққаннан кейін 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ішкі нарық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Бензинге, дизель отынына және авиакеросинге тәуелділік жойылады. Терең қайта өңдеу көлемі 63-тен 83 пайызға дейін артады. К4 және К5 экологиядық санатындағы өнімдер шығарылады және жанар-жағармайды экспортқа шығару мүмкіндігі туады. «Ішкі нарықта отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бензин бойынша 90, дизель отыны бойынша 90 және авиакеросин бойынша 70 пайызды құрайтын болады», – деді ол.
23 ақпан 2018 ж. 1 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 500
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 297

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930