Ауданда биыл 6 жол көлік оқиғасы орын алған
Жол қозғалысындағы салғырттық бір ғана адамның тағдырына кері әсер етіп қоймай, түгелдей жанұяның қалыпты өміріне әсер ететіні анық. Бұндай қайғылы жағдайлар күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы жариялануда. Жол көлік оқиғалары және оның қайғылы салдары біздің ауданымызда да толастар емес.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде 6 жол көлік оқиғасы орын алып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20% өскен (5).
Бұл оқиғалардың салдарынан 11 (11) адам зардап шексе, оның 9 ( дене жарақатын алып, 2 (3) қаза болған.
Қайғылы жағдайлардың орын алуына әртүрлі табиғи және адами факторлар себеп болуда.
Дегенмен, көп жағдайда жүргізушінің жол қауіпсіздігін сақтамауы, қолайсыз ауа райы мен күн мезгілін ескермеуі осындай қайғылы жағдайға душар етеді.
Яғни, ағымдағы жылы бұндай оқиғаның салдарынан қаза тапқан фактілердің біреуі «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» авто жолында орын алса, біреуі Жосалы кентінде орын алған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау жөнінде аудандық прокуратура және полиция бөлімі тарапынан профилактикалық шаралар үздіксіз жүргізіліп, жергілікті атқарушы және басқа да құзырлы органдардан тиісті жұмыстар атқару талап етілуде.
Тұрғындарға жадынамалар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге материалдар жарияланып, елді мекендерде билбордтар ілінген.
Құрметті аудан тұрғындары, жол қозғалысына қатысушылар жол ережесін қатаң сақтау өзіңіздің және өзгенің өмірі үшін өте маңызды екенін естен шығармаңыздар.
Қармақшы аудандық прокуратурасы