» » » БҰРЫМДЫНЫҢ ҚАДІРІН ҚАЙСАР ЕРЛЕР БІЛСЕ ЕКЕН...

БҰРЫМДЫНЫҢ ҚАДІРІН ҚАЙСАР ЕРЛЕР БІЛСЕ ЕКЕН...

Ата-баба дәстүрді не үшін ұстады? Нені меңзеген? Мақсаты қандай? Ұрпақ санасына сіңіруге неге құлықты болды? Қазіргідей рухани жаңғыру мен жан-дүниені жаңарту ұлтқа не бермек? Үлкен тақырып. Оны бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан әңгіме қиссасын ұлттың айнасы – қыз тәрбиесінен бастауды жөн көрдік.
Қыз – елдің болашағы, ердің ар-намысы. Ұрпақ анасы. «Тілмен түйгенді, қолмен шеше алмайсың» деген. Тарихта талай дауды сөз тоқтата алмағанда, ананың ақ жаулығы тоқтатқан жайлар аз кездеспеген. Бақытты ана, асыл жар, ибалы келін болу – қыз баланың отбасында алған тәрбиесіне тығыз байланысты. Оған қазақ дәстүрі барынша мән берген. Айтайық, ұмытылып бара жатқан дәстүрдің бірі – шаш сипатар. Халқымызда қыз бен жігіт қазіргідей ашық кездесіп, мәмілелеспеген. Балиғатқа толған қыз баланы атастырылған жігітімен жүздестіру үшін қыздың жеңгелері арнайы дастархан жайып, рәсім жасаған. Оған ауыл-аймақ, көрші-көлем жиналған. Ынтызар жігіт көптің көзінше ғашығының шашынан сипап, сағынышын басқан. Ашық түрде. Қыз баланың бірінші қорғаны – отбасы болса, одан кейінгісі – күйеуі. Осы екі қоршау ішіндегі қыз бала өмірі қауіпсіз әрі уайым-қайғысыз өткен. Қазақтың қыз балаға қатысты мына бір дәстүрі – қол ұстатар деп аталады. Бұл да жанұялық өмірге аяқ басып, тұрмыс құрғалы тұрған қызға жасалатын ерекше рәсім. «Он үште – отау иесі» деп, отбасы құндылығын ұрпақ жадына сіңіруді мұрат еткен ұлтымыз қызды жанұя дағдысына бейімдеген. Ұлтымыз қашан да қызды мәртебе, байлық санаған. Төбесіне үкі тағып, төріне шығарған. Жар таңдауда қыз да, жігіт те сақтық сақтаған. «Қол ұстатар» дәстүрі де жариялы түрде жасалған. Күйеу болашақ жарына кәдесін жасап, қолын ұстауға рұқсат алған. Бұрын сырттан көретін нәзік жанының қолын бірінші рет ұстау – ол үшін бақыт саналған. Неге? Бұған жан, жар тазалығы, адам алақанындағы жылылық сезімі сеп. Алла пендесіне жылуды жүрекпен қоса, алақанға да берген. Соны сақтай, қадірлей білген қазақ анасы дүниеге алып ұлдар әкелген. Тектілікті бұзбаған. Қолын әркімдер бір ұстап, шашын әркімдер бір сипап кететін қылықсыз қыздың болашағы бұлыңғыр, келешегі күңгірт. Көкек ана көктен түспейді. Оған біртіндеп айналады. Дәстүрден ажыраған, салттан саңылауы сәулесі жоқ жанның көкекке айналып шыға келуі қазір-ақ. Міне, ұлттық дәстүрдің бізге берер сыйы. Аталарымыз не үшін «Қызға – қырық үйден тыйым» салды. Не үшін Жібек қыздың орамалын бес жүз жорғаға бағалады.
Екі жеміс ағашы бар. Бірі – қоршаудың сыртында да, бірі – ішінде. Сыртында пісіп тұрған жемісті кім көрінген жеп кете барса, биік қорғанның ішіндегі жемісті алуға ешкімнің жүрегі дауаламайды екен. Қыз бала да сол секілді. Ер азамат қазақтың әр қаракөзіне өзінің анасындай, қарындасындай, әпкесіндей қараса, абыройымыз төгіліп, намысымыз тапталмас еді. Сұлу да сымбатты қыздарымыз қайдағы шетелдіктің құшағында кетпес еді. Қазақ деген ұлы халықтың қасиетін кетірмес еді.
Қазақтың әр азаматы, қызға қамқор бола біліңіздерші.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
12 маусым 2018 ж. 2 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031