» » ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Еліміздің әрбір отбасында адамгершілік, әдеп-инабат қарым-қатынастардың салтанат құруы-қоғамымыздың дамуы мен мемлекетіміздің іргетасының берік болуы негіздерінің бірі болып саналатындығы анық.
Әрбір отбасы босағасының берік болуына мемлекет тарапынан қолдау мен қамқорлық жасалып келеді. Ата Заңымызда: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекет бақылауында болады»-деп көрсетілген және «Отан-отбасынан басталады»-деген халқымыздың даналық сөзі де бар. Әрбір отбасында ауызбірлік, татулық пен түсіністік болса сол үйде береке болатындығы аян.
Деректерге қарасақ, отбасылық кикілжіңнен елімізде отау құрған жастардың 27 пайызының ажырасып кетуі осыған дәлел. Бұл жағдайдың барлығы біздің санамыздағы ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиенің кемшілігі және өнегелі салт-дәстүрлеріміздің деңгейінің төмендігінен болып отырғандығы сөзсіз. Ұрпағымыз отау құру кезінде қазір ғаламтор арқылы танысып, бұрымдымыз белгісіздің етегінен ұстап, тұлымдымыз танымайтынның бетін аштырып, құда-құдағайлар бірін-бірі тойда ғана танитын жағдайда отау құрып, оның болашағы бұлыңғыр болып, ажырасушылардың қатарын көбейтуде. Ене мен келіннің, жеңге мен қайын сіңілілердің сыйластығы отбасы беріктігінің негізі болып саналады. Жалпы отбасындағы сыйластық, ауызбірлік, ұлттық тәрбие бабалардан аманатқа қалған тәрбиенің түп негізі мен тамыры. Ұлттық рухы мықты ұрпақ өсіріп, мемлекетіміздің іргесін одан әрі нығайтуға үлес қосу, әсіресе отбасылық дәстүрлерді сақтау мен оны жастарға үйрету әрбір алдыңғы буын ағалардың парызы әрі қасиетті борышы деп түсінемін. Отбасылық құндылықты ардақтай білейік, ағайын!
Сұлтанбек МЫРЗАБАЕВ,
аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы.
10 қаңтар 2018 ж. 2 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728