» » » Жауһар жырды жүрегіне тербеткен

Жауһар жырды жүрегіне тербеткен

Қазақтың даңқты перзенті, ой мұнарасы Әбіш Кекілбаев Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы жайында жазған көлемді мақаласында «Маған Құрманғазы өлең жазса, өзіне қай жағынан да жақын тұрған Махамбетше емес, бүгінгі Фаризаша жазатын сияқты, ал егер Фариза аяқастынан композитор боп кетсе, тап Құрманғазыша сілтейтін тәрізді боп көрінеді де тұрады. Егер суретші болсам, бұл екеуінің көзінде тебіренген терең мұңнан ытқып шыққан мөлдір тамшы көз жасы мен ытырынған ызаның ойнақшыған шоқ ұшқынын қатар бейнелер едім. Бір-біріне қырық қайнаса сорпасы қосылмайтын күйректік пен өткірліктің, нәзіктік пен жігердің, қасірет пен қайраттың мұндай үйлесімі рух болмысының ең тұңғиық драматизмін дәл ұстай алатын ұлы суреткерлерде кездессе керек» деп жазады.
Фариза Оңғарсынова өмірінің соңына дейін қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарып, поэзияға жаңа леп әкелді. Қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосты. Ол оқырманның жүрегіне жол тауып, халықтың ой-арманын, жан дүниесін бейнелей алды.
Биыл қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл. Осыған орай Төретам кенті клуб үйінде кент кітапханасының ұйымдастыруымен «Жауһар жырды жүрегіне тербеткен» атты әдеби поэзия кеші өтті. Кештің мақсаты – қазақ халқының біртуар қызы, ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, өлеңдерін насихаттау, оқушыларды кітап оқуға тарту және поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Әдеби поэзия кешінде жастар мен мектеп оқушылары ақынның жауһар жырларын оқып, әндерін шырқады. Атап өтер болсақ, Мөлдір Тәңірбергенова ақынның «Уақыт» өлеңін, Гүлнұр Қайнарбаева «Перзент сөзі» өлеңін, Жанерке Алмағанбетова «Ана» өлеңін, Гүлмира Аманова «Жетімхана» өлеңін, Нұрғали Балқиев «Намазшы» өлеңін оқыды. Кент кітапханашысы Айгүл Жеңісқызы «Поэзия падишасы» атты кітап көрмесін ұсынып, ақынның шығар машылығына тоқталды.
Ақын Фариза жырлары жастардың жүрегіне жол тауып, мәңгілік сақталары анық.
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ
12 желтоқсан 2024 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930