» » ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ

ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ

Жуырда көрікті Көкшетаудың «Қатаркөл» оңал­ту орталығында мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері арасында қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, ҚР Мәдени ағарту ісіне ең­бегі сіңген қызметкер, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған IV республикалық слет өткен болатын. Аталмыш шараға елдің түкпір-түкпірінен 100-ден аса сала маманы қатысты.
Республикалық шара барысында аудан абыройын асқақтатқан №1 санаториялық ясли-бақшасының меңгерушісі Гүлзира Исламханова Білім және ғылым министрі Е.Саға­диев­тің алғыс хатымен марапатталса, тәрбиеші Күл­да­рай Нұрханова «Үздік шы­ғ­ар­машыл педагог» аталымы­на ие болды. Күлдарай бай­қауда «Өміршең өлең» атты Ф.Оңғарсыноваға арнау жаз­ған. Фариза Оңғарсынова алып бір толқынның соңғы өкілі десе қате болмас. Ақын дү­ниеден озғанда қазақ әде­биетіндегі үлкен дәуірдің па­рағы жабылғандай болды. Бі­рақ, оның өміршең өлеңдері мәң­гілік халық жадында. Мі­не, Күлдарай Нұрхановаға жа­рық жұлдыздың осы сәті әсер етсе керек-ті. Өлеңінен ар намыстың, әсемдіктің ны­ша­нындай болған жыр па­дишасының бейнесін сөзбен кестелеген. Әйелге тән нәзіктік пен мөлдір мұң, тау суының са­рынындай өршіл де сырлы сарын еседі.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
17 тамыз 2018 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 131
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031