» » ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ

ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ

Жуырда көрікті Көкшетаудың «Қатаркөл» оңалту орталығында мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері арасында қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, ҚР Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған IV республикалық слет өткен болатын. Аталмыш шараға елдің түкпір-түкпірінен 100-ден аса сала мамандары қатысты.
Республикалық шара барысында аудан абыройын асқақтатқан №1 санаториялық ясли-бақшасының меңгерушісі Гүлзира Исламханова Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің алғыс хатымен марапатталса, тәрбиеші Күлдарай Нұрханова «Үздік шығармашыл педагог» аталымына ие болды. Күлдарай байқауда «Өміршең өлең» атты Ф.Оңғарсыноваға арнау жазған. Фариза Оңғарсынова алып бір толқынның соңғы өкілі десе қате болмас. Ақын дүниеден озғанда қазақ әдебиетіндегі үлкен дәуірдің парағы жабылғандай болды. Бірақ, оның өміршең өлеңдері мәңгілік халық жадында. Міне, Күлдарай Нұрхановаға жарық жұлдыздың осы сәті әсер етсе керек-ті. Өлеңінен ар намыстың, әсемдіктің нышанындай болған жыр падишасының бейнесін сөзбен кестелеген. Әйелге тән нәзіктік пен мөлдір мұң, тау суының сарынындай өршіл де сырлы сарын еседі.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
11 тамыз 2018 ж. 2 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 818

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031