» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

Жақында аудандық оқушылар үйінің тыныс-тіршілігімен танысу және қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықтарын дамыту мақсатында «Шығармашылық шеберлік-ұстаздардың кәсіби шыңы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен қосымша білім беру ұйымдарынан 30 маман қатысты.
Шараны аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Ғабидулла Шарапатов ашып, оның өткізілу мақсатына тоқталды.
Содан соң «Үкілі домбыра» үйірмесінің мүшесі Меруерт Әбенова арнау айтып, бір топ үйірме мүшелерімен флеш-моб орындалды.
Сонымен кейін қонақтардың психо-эмоционалды көңіл-күйін көтеру, психологиялық жағымды ахуал орнату мақсатында педагог-психолог Фариза Жұмағазықызы «Сәлемдесу» тренингін өткізді. Шара барысында аудандық оқушылар үйінің ұстаздары, атап айтқанда “Көркемөнер” үйірмесінің жетекшісі Сәуле Сериева “Африкалық бойжеткен”, тақырыбында “Шебер қолдар” үйірмесінің жетекшісі Самат Өскелеңов “Кәде сыйлар”, “Көркем безендіру” үйірмесінің жетекшісі Қайсар Қаналбеков «Пластикалық заттардын канделябр жасау» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізсе, «Жалын атқан жүрекпен руханият әлеміне» тақырыбында “Руханият” үйірмесінің жетекшісі Көркем Құлбарақова мүмкіндігі шектеулі оқушылармен ашық сабақ көрсетті.
Тағылымы мол шарада оған қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне саяхат жасап, ондағы тарихи жәдігерлерді тамашалады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
04 мамыр 2018 ж. 1 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930