» » АУДАНЫМЫЗДА АЙМАҚТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

АУДАНЫМЫЗДА АЙМАҚТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданындағы №1 санаториялық ясли-бақшасының «Заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбындағы аймақтық әдістемелік семинар өтті. Шараға аймақ бойынша санаториялық балабақшаларда жұмыс жасайтын 40-қа жуық педагог қатысты.Аймақтық семинар апталық тақырыпқа сәйкес «Көңілді жаз» музыкалық прологынан басталып, балалардың денсаулы…ғын нығайтуға, сауықтыру мен шынықтыруға арналған «Спорт- менің серігім» шарасымен жалғасын тапты.
Аймақтық семинарды Қызылорда облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева ашып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес білім беру процесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Оның ішінде, заманауи әдістер мен технологияларды енгізу және қолдану, сауықтыру-шынықтыру шараларын жетілдіру, робототехника үйірмелерін ашу, балалардың іздену-эксперименттік әрекеттерін ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша жаңашылдық пен шығармашылық бағыттар семинар барысында көрсетіліп, талқыланатынын жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының бас маманы М.Турешова аудан көлемінде атқарылып жатырған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Семинар қонақтарына «Алдар көсе шақырады» интерактивті театры, «Қош келдің, жаз!» оқу қызметі, «Роботтар әлемінде»-дарынды балалармен жұмыс және «Дарабоз балғындар» -шоу бағдарламасы негізінде №1 санаториялық ясли-бақшасы педагогтарының заманауи әдістерді қолдану іс-тәжірибелері насихатталды. Сонымен бірге, «Көңілді жаз» бейнефильмдер топтамасы, «We study English» -тәрбиешілердің ағылшын тілі үйірмесі, шеберлік мектебі, «Әрқашан күн сөнбесін»-тақырыптық газеттер таныстырылымы ұсынылды.
Семинар соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шығармашыл педагогтар арнайы сертификаттармен марапатталды.
19 мамыр 2018 ж. 1 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031