Жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі
Адам денсаулықтың қадірін ауырған кезде біледі. Ауырып емделгеннен көрі аурудың алдын алған маңыздырақ. Бүгінгі сұхбатымыз Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Төлепбергенова Гүлнар Мәлікқызымен «Жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі» тақырыбында өрбімек.
– Біз Жұқпалы аурулардың алдын қалай аламыз?
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Осы құндылығымызды сақтап, аурудың алдын алудағы тиімді әдіс – Вакцинация! Вакциналар бізді ауыртпайды, ауру пайда болған кезде оны емдеу әлдеқайда жақсы. Вакциналар бізді өмір бойы және кез келген жаста – туғаннан, балалық шақтан, жастықшақтан бастап қартайғанға дейін қорғайды. Сол себепті, екпелер балаларға да, ересектерге де жасалады. Вакцинациялау немесе профилактикалық препараттарды енгізу 20 түрлі инфекцияға қарсы жүргізіледі. Бұл ретте оларды ең жоғары тиімділік үшін бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алу ұсынылады.
– Жұқпалы ауруларға қарсы егілудің қандай маңызы бар?
Вакцинация жүргізудің арқасында инфекциялардың ауру деңгейі азайып, өлім көрсеткіші төмендеді, ал тиімді вакцинаның арқасында қарашешек пен полиомиелит аурулары жойылды. Вакцинациялау құрөзектен, сіреспеден, көкжөтелден және қызылшадан жыл сайын 2-3 миллион өлімнің алдын алады.
–Вакциналау елімізде қалай жүргізілуде? Екпе алмаған жағдайда қандай салдары бар?
– Вакцинаның барлық түрі пайдалы. Біздің қоғамда көптеген мәселенің маңыздылығын түсіну үшін ауырып қалып кеш қимылдайтынымыз қынжылтады. Осылайша ауруды үдетіп алып жатамыз. Әсіресе, балалардың денсаулығына аса мән бергеніміз жөн. Біз оларды алдын ала вакциналау арқылы ғана түрлі аурулардан сақтандыра аламыз. Соған сәйкес елімізде балаларды вакцинациялау Қазақстан Республикасының профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, дәрігердің алдын ала тексеріп-қарауынан кейін, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда және заңды өкілдерінің бірінің ерікті келісімі бойыншажүргізіледі. Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамсаулығы үшін іске асырылады (ауруға шалдыққан тұлға инфекция көзі болып, айналасындағылар үшін қауіпті болып табылмақ. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындарды иммунизациялауға тартудың толық қамтылмауы инфекция лық аурулар ошағының өршуіне соқтыру мүмкін, (мысалы, 1995 жылы республикада күл (дифтерия) дертінің өршу дерегі тіркелген: 1105 адам ауруға шалдығып, соның ішінен 66 көз жұмған).
–Қазақстанда тұрғындарды вакцинациялау үшін қандай вакциналар қолданылады?
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің ем шарасынан өткен вакциналарқолданылады. Тіркелетін вакцина үшін өндіруші-елінде мемлекеттік тіркеуінің болуы, сондай – ақ өндіруші-елінде және басқа елдерінде клиникалық қолдануы бойынша деректерінің болуы талап етіледі. Балаларды екпемен қамтамасыз ету мақсатында, вакцинаның өндірілуі ДҰҰ сертификатталған, сапасына кепіл берілген вакциналар Қазақстанда сатып алынады. Сөз соңында айтарым, денсаулық баға жетпес құндылықб олғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын. Әр адам ең алдымен өз денсаулығына өзі жауапты екенін естен шығармағаны абзал.
–Сұхбатыңызға рахмет.