» » Вакцинация-бұл ең тиімді әдіс!

Вакцинация-бұл ең тиімді әдіс!


Вакцинация – бұл жұқпалы аурулардың алдын-алудың жалғыз тиімді жолы. Бұл инфекциялар мен олардың асқынуларынан қорғануға көмектесетін қарапайым медициналық рәсім. Адам ағзасына әлсіз микроденелерді енгізу арқылы медицина саласында иммунитетті жасанды түрде қалыптастыру арқылы қауіпті ауруларға ағзаның төтеп беруі.
Әлемде жыл сайын бірнеше млрд.таған адамға (жер бетіндегі жалпы халықтың 1\3 бөлігі) екпе жасалады. Яғни, жоспарлы иммундау шаралары бірнеше адамның өмірі мен денсаулығын сақтайды.
Иммунопрофилактика дегеніміз аурудың алдын алуға, ал елге сырттан әкелінген жағдайда оны таратпауға және жоюға бағытталған. Аудандық емханаларда Иммундауға жататын балаларды мед қызметкерлері жылына 2 рет есепке алады. Ал ересектерді жылына 1 рет есепке алып отырады. Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес 20 дан астам жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес Көкжөтел, полиомиелит, сіреспе, дифтерия, қызылша, қызамық және эпидемиялық паротит сияқты ауруларға қарсы жоспарлы иммундауды қамтиды. Осы вакциналардың қай жас аралығында салынатындығы туралы тоқталып өтсем:
Туберкулезге қарсы вацина, яғни БЦЖ – бұл вакцина бала туылғаннан 1-4 күн аралығында және 6 жаста салынады.
В вирусты гепатитіне 1-4 күн, 2 ай, 4 ай
Полиомиелитке қарсы - 2ай, 3ай , 4ай, 1 жас және 18 айында
Көкжөтел,сіреспе, дифтерия- 2ай, 3, 4, 18 ай және 6 жасында, 16 жасында және әрбір 10 жыл сайын.
Пневмококкқа қарсы- 2 ай, 4, 1 жас
Қызылша,қызамық, эпидпаротит- 12 ай және қайта екпе 6 жасында.
Сонымен қатар А вирусты гепатитіне ауруына қарсы 2 жаста. Жыл сайын тұмау ауруына қарсы вакцина салынады, бұл вакцина мед қызметкерлеріне, Д есепте тұратындарға және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша алуға болады. Ауданымызда әртүрлі себептерге байланысты ата-аналардың өз балаларына екпе жасатудан бас тарту фактілері де орын алып отыр. Балаларды екпемен толық қамтымау жұқпалы ауруларға сезімтал адамдар санының көбеюіне әкеледі. Қазақстанда вакцинация әрбір адамға қол жетімді. Вакцина адамға ауру туғызбайды, керісінше иммунитет қалыптастырады. Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстау мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүгізілуде, және де аудан тұрғындарын уақытылы вакцина алуға шақырамыз.
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық СЭББ басшысы
18 қараша 2024 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 947

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031