» » Егу шараларының маңыздылығы туралы

Егу шараларының маңыздылығы туралы

Егу шаралары бұл жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін белсенді санитариялық- профилактикалық шара.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.09.2023 жылғы №150 Қаулысына сәйкес балаларға жоспарлы алдын алу екпелері Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес жүргізіліп келеді. Барлық міндетті екпелер бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жасалады.
Екпеге рұқсатты қалай алу керек?
1. Екпе алу үшін міндетті шарт – баланың дені сау болу керек.
2.Екпенің алдында баланы міндетті түрде емдейтін дәрігер-педиатр қарайды. Жалпы клиникалық көрсеткіштердің (дене қызуы, шағымның болмауы) ғана емес, сондай-ақ ата-анасының рұқсатымен жүргізіледі.
Жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егу жұмыстары төмендегі тұрғындар тобына жүргізіледі:
* Әр жас бойынша профилактикалық егуді жүргізудің белгіленген мерзіміне сәйкес тұлғалар (екпе күнтізбесі бойынша);
* жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында тұратын, жұмыс істейтін тұрғындар (көктемгі-жаздық кене энцефалиті, туляремия, оба);
* кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер тобына жататын тұлғалар: медицина қызметкерлері («В» вирусты гепатиті, тұмау);
кәріз және тазарту қондырғыларының қызметкерлері (іш сүзегі);
* өзінің денсаулық жағдайына байланысты қатер тобына жататын тұлғалар:
ағзасына қан құйылғандар ( «В» вирусты гепатиті);
медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);
* медицина қызметкерлері, балалар үйінің, сәбилер үйінің балалары, қарттар үйінің тұрғындары (тұмауға қарсы);
* кез келген жануардың қабуына, түкірік шашуына душар болған тұлғалар (құтыруға қарсы екпе);
* тері жабындары мен шырышты қабықтардың бүтіндігінің бұзылуына байланысты жарақат, зақымдалғантұлғалар (сіреспеге қарсы);
* жұқпалы ауруларға шалдығу деңгейі жоғары аймақтарда тұратын тұлғалар; оларды вакциналау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Халық арасында профилактикалық егуден бас тартқандар бойынша профилактикалық алдын ала егудің маңыздылығы және адам денсаулығына пайдасы жөнінде түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Сонымен қатар екпе егу бойынша кез-келген сұрақтармен медициналық ұйымдардан иммунолог, аллерголог, педиатр, эпидемиолог дәрігерлерінен кеңес алуға мүмкіндік бар. Кез келген егуді егу алушының рұқасатнамасымен немесе оның заңды өкілінің рұқсатнамасымен, яғни келісімімен ғана салынады. Егу саларда егу алушыға сауалнама жүргізеді. Барлығы медицина қызметкерлері тарапынан тексеріп қараудан өткізілгеннен кейін салынады.
* Балаңыздың және болашақ ұрпағыңыздың денсаулығына алаңдаушылық білдірсеңіз екпе салдырғаныңыз абзал. Бұл ұжымдық иммунитет қалыптастыруға көмектеседі.
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы 
24 маусым 2024 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 232

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 336

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930