» » ПРОКУРАТУРА: КЕШЕНДІ ШАРА АЯСЫНДА ҚЫЛМЫС ТҮРЛЕРІ ТӨМЕНДЕДІ

ПРОКУРАТУРА: КЕШЕНДІ ШАРА АЯСЫНДА ҚЫЛМЫС ТҮРЛЕРІ ТӨМЕНДЕДІ

Жуырда аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов қадағалау саласында атқарылған және алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар жөнінде баспасөз өкілдерімен кездесу өткізді. Алдымен өткен жылға шолу жасап, жұмыстарға тоқталды.
– Былтыр аудан көлеміндегі қылмыстылық 2023 жылмен салыстырғанда 9 пайызға өскен. Оның ішінде, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар, аса ауыр санаттағы, қоғамдық орында жасалған, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыс, жұмыссыздармен жасалған қылмыстар өсім алды. Аталған қылмыс түрлерінің өсу мәселелері аудан прокуратурасының бастамасымен өткізілген ведомствоаралық мәжілістерде және аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияда бірнеше рет қаралып, тиісті іс-шаралар белгіленген. Құқықбұзушылық профилактикасы аясында жүргізілген кешенді шаралар нәтижесінде жекелеген қылмыс түрлерінің төмендеуіне қол жеткізілді, – деді аудан прокуроры.
Ауданда алаяқтық, мал ұрлығы, есірткінің заңсыз айналымы қылмыстарының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарды қылмыстық құқықбұзушылықтан қорғау мақсатында аудан көшелерінде билбордтар ілініп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жыл көлемінде прокуратура органдарының бастамасымен «Қылмыссыз өңір», «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ», «Нашақорлыққа жол жоқ», «ІТ тергеу» жобалары бойынша белсенді іс- шаралар атқарылған. Сонымен қатар, тұрмыстық жанжалдарды болдырмау және тәуекел есебіне алынған, яғни бірнеше рет тұрмыстық сипаттағы құқықбұзушылық жасаған тұлғалардың есебі жасақталып, оларды үнемі бақылауда ұстап, психологиялық, әлеуметтік, медициналық көмектер көрсету, әңгімелесу профилактикалық іс-шараларын жүргізу үшін ақсақалдар және әйелдер кеңестерімен атқарылатын іс-шаралар жөнінде меморандум жасалған.
Соңғы үлгідегі бағдарламаларды пайдалана отырып, қылмыстарды жедел ашу, электронды құрылғылар, интернет, әлеуметтік желі арқылы жасалған қылмыстармен оның ішінде интернет алаяқтықпен күресуді тиімді жүргізу үшін облыстық прокуратураның бастамасымен 2024 жылдан бастап «ІТ тергеу» жобасы жүзеге асуда.
– Жобаның мақсаты – соңғы кезде көп орын алатын интернет қылмыстары бойынша қылмыскерлер туралы жедел мәліметтер жинақтап, қылмыстың жедел ашылуын қамтамасыз етіп, жәбірленушінің құқығын қорғау. Осы бағытта арнайы топ құрылып, жұмыс жасауда.
Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен оңды тәжірибе ретінде республика бойынша қолданысқа енгізілген «Электронды браслет» жобасы аясында аудандық полиция бөлімінің өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша 8 адамға үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылып, электронды бақылау құрылғылары тағылды. Қылмыстық қудалау бағытында айта кететін тағы бір маңызды мәселе – үш буынды жүйе тәжірибесінің белсенді жүргізілуі.
Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытында полиция, прокуратура және сот органдары арасында өкілеттіктерді нақты бөле отырып, қылмыстық процестің үш буынды моделі жүзеге асырылуда. Яғни, прокурор қылмыстық процестегі негізгі шешімдерді келіседі неме- се бекітеді және прокурордың келісімінсіз немесе бекітуінсіз бұл шешімдердің заңды күші болмайды. Негізгі шешімдерді прокурорлардың келісуі және бекітуі тергеу процесін ашық етіп, ол бойынша нақты мерзім ішінде тиісті шешім қабылдануына оң ықпал етеді. Өз кезегінде бұл процесс азаматтардың қылмыстық істер бойынша сергелдеңге салынып, әуре-сарсаңға түсуінің алдын алса, сәйкесінше олардан түсетін арыз-шағымдарды болдырмауға септігін тигізеді, – деді Мейрамбек Жаңбырбайұлы.
Қазір қоғамдағы қай сала болсын электронды форматқа көшіп жатыр. Осы орайда өткен жылы аудандық прокуратураның қадағалауында болған қылмыстық істердің тергеп-тексеру әрекеттері 100 пайыз электронды нысанда жүргізілгенін де айта кету керек. Бұл барынша ашықтықты қамтамасыз етіп, тергеушінің, прокурордың және соттың жұмысын бағалауға мүмкіндік бере отырып, дәлелдемелерді бұрмалау, заңсыз шешімдер шығару мүмкіндігін болдырмайды.
Жиында мұнан бөлек, аудандық прокуратурамен қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілерінің, атқарушылық өндірістер, пробация, жедел іздестіру қызметіндегі жұмыстарын жүзеге асыруда заңдылықты қадағалау салалары бойынша да атқарылған шаралар және оның нәтижелері туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында аудан прокуроры Бас прокуратурамен белгіленген басым бағыттар мен жүктелген міндеттерге, оның маңыздылығы мен себептеріне тоқталды. Брифинг соңында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына нақты жауап берілді.
«ҚТ» ақпарат
26 қаңтар 2025 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031