» » Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қосылды.
Күн тәртібінде аудандық прокуратураның бастамасымен енгізілген жалпы қылмыстылық және құқық бұзушылық профилактикасының жағдайы талқыланып, нақты міндеттемелер белгіленді.
Мәжілісте аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Жарқынбаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді және алдағы уақытқа белгілеген жоспарымен бөлісті.
Отырыста адам өлтіру, алаяқтық, мал ұрлығы, тонау, жол-көлік оқиғалары, суицид және кәмелетке толмағандардың мәселесі кеңінен талқыланды.
Жиын барысында сөз алған аудан прокуроры М.Маханбетжанов әрбір қылмыс түрлеріне, олардың орын алу себептері мен алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға жеке тоқталды.
Жиын соңында аудан әкімі Мұса Оспанұлы құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде алаяқтық, мал ұрлығы, тонау қылмыстарының және жол-көлік оқиғаларының, суицид, сондай-ақ жастар тәрбиесі мен олардың қауіпсіздігі мәселесіне арнайы тоқталып, атқарылуы қажет жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 сәуір 2021 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930