» » Кәмелетке толмағандардың ісі қаралды

Кәмелетке толмағандардың ісі қаралды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров жүргізіп, отырысқа комиссия мүшелері мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Күн тәртібіне жоспар бойынша екі мәселе және қосымша бір мәселе шығарылды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Б. Байділдаевтің «Кәмелетке толмағандардың үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы» туралы хабарламасы тыңдалды.

Екінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Нәзікбаевтың «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың құқықтарының сақталуы» туралы хабарламасы тыңдалды.
Сонымен бірге «Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытқа жасалған жоспарлары» жайлы қосымша хабарлама жасаған аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы О. Қосжанұлының баяндамасы тыңдалды.

Комиссия отырысының жүргізілу регламентіне сәйкес хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып болғаннан кейін барып, сұрақ-жауап талқылау ұсынылды.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров хаттамалық тапсырмаларға сәйкес жүктелген міндеттерді орындамаған комиссия мүшелеріне қатысты арнайы тоқталып, алдағы уақытта жұмыс барысында қадалау шаралары жүргізілетінін атап айтып өтті.

Жиын соңында комиссия мүшелері қозғалған мәселелер туралы ұсыныс - пікірлерін ортаға салды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
31 наурыз 2021 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 243

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 345

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930