» » Комиссия отырысы өтті: Не қаралды?

Комиссия отырысы өтті: Не қаралды?

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссия отырысы өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы ашып, жүргізіп отырды.

Комиссия отырысына аудан прокурорының орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшылары мен әдіскерлері, №26 орта мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, ата- аналар мен оқушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, комиссия мүшелері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ешжанов Оспан Қосжанұлы хабарлама жасады. Оспан Қосжанұлы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы баяндамасында тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жосалы кенті орталығындағы №26 орта мектеп директоры Ерғалиева Мәуегүл Сламбекқызының хабарламасы тыңдалды.
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Нәзікбаев жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында білім беру ұйымдары тарапынан атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтып өтті.

Сонымен бірге жиында Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Мұратов Ануар Әбдіғалиұлы сөз алып, жыл басынан бері кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының аудандық полиция бөлімі тарапынан нәтижесіз болуына байланысты, осы бағыттарды күшейтіп, нақты атқарылған шаралар жөнінде келесі комиссия отырысында есеп беруді ұсынды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін, жастардың жат әдет- қылықтардын аулақ болуын, олардың құқықтарының қорғалуын жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 қаңтар 2021 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930