» » Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім басшылары, кент әкімдері қатысты, ал ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қосылды.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

Оның ішінде жалпы қылмыстылық және құқық бұзушылық профилактикасының жағдайын талқылап, нақты міндеттемелер белгілеу мәселесі аудандық прокуратураның бастамасымен енгізілді.
Мәжілісте аудан прокуроры М.Маханбетжанов баяндама жасап, әрбір аймақта және ауылда орын алған қылмыстарға, олардың орын алу себептеріне және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға жеке тоқталды.

Отырыста бұзақылық, есірткінің заңсыз айналымы, алаяқтық, мал ұрлығы, жол-көлік оқиғалары және кәмелетке толмағандардың мәселесі кеңінен талқыланып, полиция бөлімінің және әкімдікке қарасты жауапты құрылымдардың есептері тыңдалды.

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Нысанбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Б.Ақтаев және ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі бастығының орынбасары С.Алиевтер хабарлама жасады.

Аталған тұлғалар құқық бұзушылық профилактикасы бағытында құзыреттілік шегінде атқарылған жұмыстарды баяндап, ұсыныстарын білдірді.

Отырыста қаралған мәселелер және олар бойынша туындағын ұсыныс-пікірлер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жиын соңында аудан әкімі Мұса Оспанұлы құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде бұзақылық, есірткінің заңсыз айналымы, алаяқтық, мал ұрлығы қылмыстарының және жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ жастар тәрбиесі мен олардың қауіпсіздігі мәселесіне арнайы тоқталып, атқарылуы қажет жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 қараша 2020 ж. 634 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 437
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31