» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар талқыға түсті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар талқыға түсті



Қармақшы ауданы әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мәжіліске комиссия мүшелері, дербес бөлімдер мен құқық қорғау органдарының басшылары мен кенттердің, ауылдық округ әкімдері қашықтықтан онлайн форматында қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б. Шерниязовтың хабарламасы тыңдалды.

Бөлім басшысы Берік Бектайұлы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталу барысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім тарапынан атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібінің сақталуы мен қызметкерлер арасында үнемі құқықтық оқулардың жүргізіліп отыруы жайлы мағлұматтар берді.

Жиын барысында комиссия мүшелері сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Смағұловтың хабарламасы тыңдалды.

Бөлім тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстарды талдап халықтың құқықтық сауатын көтеру, құқықтық түсіндіру жұмыстарының деңгейі мен сапасын арттыру мақсатындағы шаралары жайлы айтып өтті.

Сонымен бірге бөлім басшысы хабарламасында «Ақмешіт- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыстарын үйлестіру бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Мәжілістің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Б. Байділдаев хабарлама жасады. Жастар арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың жүргізілуі мен әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында насихаттау жұмыстарының жүргізіліп келе жатырғанын тілге тиек етті. Жастар арасында онлайын қашықтықтан атқарылған жұмыстарына тоқталып алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мұса Оспанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бей-жай қарауға жол берілмеуі қажет екендігін айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға немқұрайлылық танытпау бағытында жауапты мамандарға бірқатар міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.

Сонымен бірге тиісті сала басшыларына тұрғындар тарапынан сауалнамалар алынып, қорытындысы бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізу керектігі жөнінде тапсырма берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 тамыз 2020 ж. 687 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031