» » Діни бірлестіктер жөнінде кеңес отырысы өтті

Діни бірлестіктер жөнінде кеңес отырысы өтті


Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына ауылдық округ әкімдері, кеңес мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ. Нысанбаев хабарлама жасап, Қармақшы ауданы бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Қармақшы ауданы әкімдігі жанынан аудандық ақпараттық түсіндіру тобы жасақталған. Топ құрамына жергілікті діндарлар, мешіт имамдары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, дінтанушылар, психологтар, жастар ұйымдарының өкілдері тартылған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына қарасты ғибадат үйлерінің жұмысы мен құжаттарының рәсімделуі туралы «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Ж. Абенов хабарлама жасады.
Жалпы Қармақшы ауданы бойынша 15 мешіт бар.
Ауданымызға қарасты мешіттердің барлығында діни қызметкерлер бас мүфтий бұйрығымен тағайындалған.
Хабарлама барысында Жақсыбек Әбиұлы мешіттердің қысқа дайындығы, материалдық техникалық жабдықталуы жайлы тоқталып өтті.
Үшінші мәселе бойынша ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Н. Сайымов, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Ә. Қоқанов хабарлама жасады.
Баяндамашылар ауылдық округтегі діни ахуалдың жай-күйі туралы талдау жасап, атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.
Осы орайда аудан әкімі Мұса Оспанұлы өзін толғандырған сұрақтарды жолдап, жұмысты жүйелі атқару бағытында ұсыныстарын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 қыркүйек 2020 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930