» » ТЕРРОРИЗМ - ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ

ТЕРРОРИЗМ - ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ

Дін мәселелері бойынша қоғамдық пікір алмасу, дін саласы бойынша мамандардың халықпен тығыз өзара-қатынасына жол ашу, деструктивтік діни ағымдарға қарсы сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмау, зайырлылық принциптерін түсіндіру, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұстанымындағы толерантты байланысты насихаттау, жастардың жат діни ағымдарға қарсы имуннитетін қалыптастыру мақсатында Арман мәдениет үйінде «Терроризм - дінге жат ұғым» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымдарының докторы (PhD) Бекбосынов Ермек Төленұлы, Ахмет Ясауи университетінің аға оқытушысы тарих ғылымдарының докторы (PhD) Тәжібаев Рашид ИбраҺимұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Абуов Болатбек Ұласқанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, дінтану ғылымдарының магистрі, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияда баяндамашылар Шиелі ауданына қарасты кент және ауылдық округтер әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ТҚК және АТТ мүшелері, АІІБ-нің қызметкерлері (учаскелік ж/е ювеналдық полицейлер), мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері (мешіт имамдары), тұрғындар, белсенді жастарға деструктивтік ағымдардың алдын алудағы діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, жат ағымдардың жастарға ықпалы және одан сақтандыру жайлы ой қозғады.


29 сәуір 2018 ж. 1 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930