ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ФАКТОР
Аудандық Жыраулар Үйінде «Діни экстремизм көріністерінің алдын алудағы ақпараттық-түсіндірме шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға аудан әкімінің орынбасары М.Самитов, философия ғылымдарының PhD докторы Н.Қайсар, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра жетекшісі, дінтану ғылымдарының кандидаты Т.Кеңшілік, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, сондай-ақ Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері, Терроризмге қарсы комиссия мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ювеналды және учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты – аймағымызда жергілікті тұрғындар арасында, әсересе жастар мен діни ортада зайырлылық қағидаттарына қарсылық танытатын кез-келген деструктивті діни идеологиялардың таралуына жол бермеу болып табылады.
Осы кезеңге дейін Елбасының жарлығымен мемлекеттік дін саласындағы саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Сонымен бірге «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.
Семинар барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану ғылымдарының кандидаты Т.Кеңшіліктің баяндамасы тыңдалып, дәстүрлі емес дін ұстанушыларға идеологиялық ықпал ету әдістері және ақпараттық насихаттық жұмыстарды жетілдіру жолдарына тоқталып өтті. Қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптарын алды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев пікірлерін білдіріп, жиынды аудан әкімінің орынбасары М.Самитов қорытындылады