» » ДІНИ АЛАУЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ДІНИ АЛАУЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының талаптары жайлы, сондай-ақ ҚР Дін тұжырымдамасы мен діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған мемлекеттік бағдарламасын толық ақпараттандыру мақсатында кент әкімшілігінің мәжіліс залындакент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.
Жиында «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Бақытжан Камалов, облыстық ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ерсұлтан Есов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Ғабдулла Ибрагимов семинар барысындағы мәселеге байланысты баяндама жасады. Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
– 2011 жылдың 11 қазанында №483-IV «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мақсаты – құқықтық реттеу арқылы негізгі діни бірлестіктерді және жеке тұлғалардың діни қызметін біріктіріп ҚР заңнамаларын жетілдіру. Діндегі теріс ағым бүгінгі өзекті мәселелердің бірі. Себебі, дін жастар идеологиясына әсер ететін белсенді күш, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ерсұлтан Есов.
Айнұр ӘЛИ
23 маусым 2018 ж. 5 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031