» » «Құқық бұзушылыққа жол жоқ»

«Құқық бұзушылыққа жол жоқ»

№250 мектеп-лицей базасында аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлының төрағалығымен «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» тақырыбында аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комисияның кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы, аудандық прокуратура, ІІБ-нің қызметкерлері, білім бөлімі басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, сынып жетьекшілер, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты. Комиссияда «Аудандық білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу және патриоттық тәрбиелеу бағытында атқарған жұмыстарының есебі» тақырыбында Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Омаров Жарқын Тұрмаханұлы, «Құқық бұзушылықтың профилактикалық шаралары, 2018 жылғы 12 айдың қорытындысы. Балалардың жол-көлік жарақатынан сақтау және алдын алу профилактикасы» тақырыбында Аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Назарқұлов Ерлан Есетұлы, «Жастар ресурстық орталығының құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарған жұмыстары туралы» тақырыбында Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ыбрахым Әділ Мұратұлы сөз сөйледі. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстарға талдау жасалып, тапсырмалар берілді.



09 ақпан 2019 ж. 1 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 186
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031