» » «Қауіпсіз балалық шақ үшін»

«Қауіпсіз балалық шақ үшін»

Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және мектептерде қауіпсіздік шараларын жетілдіру, «Мәңгілік ел» идеясын насихаттай отырып, рухани дамыған жан-жақты тұлға тәрбиелеу мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» тақырыптағы семинар – кеңес өткізілді. Семинар - кеңеске ардагерлер кеңесінің төрағасы, білім беру саласының қызметкерлері (мектеп басшылары, мектеп директорының тәрбие орынбасарлары, психологтар, сынып жетекшілері), ата-аналар, прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық емес ұйымдар және БАҚ өкілдері, аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, ата-аналар қатысты. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс қимыл жоспарының 40 тармағы мен тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында өткен семинар жұмысы мағыналы, мәнді өтті. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек. Күн тәртібінде аудандағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар, оларды болдырмау бағытындағы профилактикалық жұмыстар, бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагогтар, ата-аналар, сыныптастары мен бөгде адамдар тарапынан кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсетудің алдын алу мәселелері талқыланды.
13 қыркүйек 2018 ж. 3 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031