БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
БАЙЛЫҚТЫҢ ТҮРІ КӨП. БІРАҚ СОНЫҢ АРАСЫНДА – БАЛАҒА ЖЕТЕР ЕШБІР БАЙЛЫҚ ЖОҚ. ОНЫҢ ӨМІРІ, АМАНДЫҒЫ БІЗГЕ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ. ҚОЛДАҒЫ БАР АЛТЫНДЫ ҚАДІРЛЕУ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ.
Сәрсенбіде аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мектеп директорлары, құқық қорғау органының өкілдері қатысты. Отырысты кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев жүргізді.
Жиында күн тәртібіне орай, «Балалардың өрт, мұздағы және судағы қауіпсіздігін сақтау мақсатында жергілікті органдармен бірлескен профилактикалық іс-шараларын жүргізу тәртібі туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Өмірбек Сақтабаев, «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы мезгілдегі тынығу және сауықтыру, бос уақытын тиімді өткізу шаралары жайлы» аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров, «Жазғы демалыста кәмелетке толмағандардың үйірмелермен қамтылуы туралы» аудандық оқушылар үйінің директоры Индира Әбдібековалар баяндаса, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік мәселесі» тақырыбында амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі жөніндегі орынбасары Парида Сарыбаева мен «№272 орта мектептің 2-сынып оқушысының суға кету жайы туралы» мектеп директоры Мирамкүл Оспанованың хабарламасы тыңдалды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша сұрақ қойылып, тиісті қаулылар қабылданды. Сонымен қоса, жауапты бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».