ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы» мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына Қармақшы ауданы бойынша әзірлеу жөніндегі уақытша комиссияның отырысы болып өтті
Уақытша комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Әбуова, облыстық ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры С.Көзейбаев, облыстық мәслихат депутаты Ә.Дәуленбаев, аудандық мәслихат хатшысы М.Наятұлы және аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.
Уақытша комиссия отырысын облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы ашып жүргізіп отырды.
Аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы Қармақшы ауданы бойынша «Тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы» хабарлама жасады.
Уақытша комиссияның отырысы барысында ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын басшылыққа алып жұмыстар жүргізу керектігін және ескерткіштердің қорғау, құрылыс салуды реттеу, табиғи ландшафт аймақтарын белгілеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу мәселесі талқыланды.
Сонымен бірге ескерткіштерді қайта жаңғырту және консервация жұмыстарын жүргізу мәселері де пысықталды.